Шығып кеткендердің орнына Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін босату және тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1995 жылғы 07.04.туған, қазақ, білімі орта-арнаулы, Екібастұз қаласында тұратын ҚР ІІМ ТЖК «ӨС және АҚЖҚ» ММ құтқарушысы Нурсултанбек Бекмуратович Балгынбеков, шығып қалған А.Н. Курметовтің орнына №513 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

2. 1981 жылғы 19.09. туған, , орыс, білімі орта-арнаулы, Екібастұз қаласында тұратын «ЭТЭМ» ЖШС монтаждаушысы Евгений Александрович Берников шығып қалған Е. Ш. Кадировтың орнына №520 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

3. 1988 жылғы 04.04. туған, қазақ, білімі орта-арнаулы, Екібастұз қаласында тұратын «Проммашкомплект» ЖШС жабдықтарды қабылдауға қызмет көрсететін электр слесарі Серикбай Сансызбаевич Бабуров шығып қалған П.А. Кашигиннің орнына №523 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

4. 1981 жылғы 27.10. туған, қазақ, білімі - жоғары, Екібастұз қаласында тұратын «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Гульбану Карабаевна Бекмаганбетова, шығып қалған Н.В.Суминаның орнына № 526 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

5. 1971 жылғы 07.06. туған, қазақ, білімі -жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінің инженері-механигі Ержан Жакитаевич Камбарбаев шығып қалған М.Р.Оразалинаның орнына №531 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

6. 1967 жылғы 04.12. туған, қазақ, білімі орта-арнаулы, Екібастұз қаласында тұратын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Рауза Оралбековна Нургалиева, шығып қалған А.Г.Гвоздьтің орнына №538 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

7.1989 жылғы 12.04. туған, қазақ, білімі -жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, үй шаруасындағы Арай Казбековна Аугамбаева, шығып қалған М.Е. Альдибекованың орнына №538 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

8. 1995 жылғы 29.08. туған, қазақ, білімі - жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» КММ-ның орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әйгерім Мүсетқызы Нығмет шығып қалған А.Г. Полищуктің орнына №571 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

9. 1985 жылғы 25.11. туған, қазақ, білімі - жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің инновациялық типтегі №24 гимназия мектебі» КММ-ның дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Асемгуль Альбековна Саталганова, шығып қалған А.Е. Сакауованың орнына №571 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

10. 1966 жылғы 30.10. туған, қазақ, білімі жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Гульсум Кайроллиновна Баянова, шығып қалған М.Т. Темиргалиевтің орнына №577 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

11. 1994 жылғы 06.11. туған, қазақ, білімі- жоғары, Екібастұз қаласында тұратын, «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС арнайы пәндер оқытушысы Кымбат Нурислямовна Нуртаева, шығып қалған Д.Е. Кишомарованың орнына №591 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

12.ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының жаңадан тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі Екібастұз қалалық мәслихаты комиссиялардың жаңа мүшелерін сайлағанға дейін есептелсін.

13. Осы қаулы Екібастұз қалалық мәслихатына, тиісті учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.

Дата публикации
15 декабря 2020