Шығып кеткендердің орнына Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін босату және тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.29.09.1986 жылы туған, білімі - жоғары, Екібастұз қаласында тұратын «Дарынды балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінің көркем сурет пәнінің мұғалімі, шығып қалған А.С. Шавдированың орнына №539 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып енгізілсін.

2. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының жаңадан тағайындалған мүшелерінің өкілеттік мерзімі Екібастұз қалалық мәслихаты комиссиялардың жаңа мүшелерін сайлағанға дейін есептелсін.

3.Осы қаулы Екібастұз қалалық мәслихатына, тиісті учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.

Дата публикации
15 декабря 2020