Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес және Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №536, №543, №573 сайлау учаскелерінде «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» №10 қаулысының негізінде, Павлодар облысы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. №536 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Келбет Каирбековна Аманбаева, Гульзайра Кудайбергеновна Катбенова, сондай-ақ №573 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Баглан Болатовна Смагулова, Айгуль Сериковна Мустояпова №543 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының құрамына ауыстырылсын.

2. Осы қаулы Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Дата публикации
15 декабря 2020