Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 17- бабының 1-тармағына сәйкес және Екібастұз қаласы әкімдігінің №514, №528, №562, №576 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың саны туралы мәліметтері негізінде, Павлодар облысы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» №11 қаулысына өзгерістер енгізілсін.
2. Екібастұз қаласының №514, №528, №562, №576 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес №514, №528, №562, №576 учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы мәліметтер Екібастұз қаласының мәслихатына жіберілсін.
4. Осы қаулы Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.