2026 жылғы 17 мамырда Екібастұз қаласының Солнечный поселкесі, Теміржол ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Солнечный поселкесі
Сайлаушылар тізіміне 3552 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1778 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 19.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Солнечный поселкесінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Акылтаев Ерлан Естаевич үшін сайлаушылардың 290 дауысы берілді;
Оразханов Куат Оралкайдарович үшін сайлаушылардың 223 дауысы берілді;
Турлыбеков Асфандияр Канатович үшін сайлаушылардың 1139 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 96.
Сайлау қорытындылары бойынша Солнечный поселкесінің әкімі болып Турлыбеков Асфандияр Канатович сайланды, 1990 жылы туған, «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұрады.
Теміржол ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 634 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 425 сайлаушы қатысты, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс – 3.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Теміржол ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жанайдаров Бауыржан Токенаевич үшін сайлаушылардың 290 дауысы берілді;
Калиева Меруерт Сатыбалдиновна үшін сайлаушылардың 96 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 36.
Сайлау қорытындылары бойынша Теміржол ауылдық округінің әкімі болып Жанайдаров Бауыржан Токенаевич сайланды, 1985 жылы туған, «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ «Юбилейный» мәдениет үйі» КМҚК басшысының міндетін атқарушы, Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұрады.