Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы» қаулы жобасын «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әзірледі.

Жобаны әзірлеу негіздемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 9-бабы болып табылады.

Қаулы жобасымен Екібастұз қаласының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі айқындалады.

Жобаны қабылдау мақсаты құқық қорғау органдарына Екібастұз қаласында құқық бұзушылықтың алдын алуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеудің тәртібі мен шарттарын белгілеу болып табылады.

Қолданысқа енгізу мерзімі – оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң. 

Жобаны іске асыру тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметтің профилактикалық бағытын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ
Дата публикации
27 апреля 2026