Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы № 87/2 «Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тануға жатады.
Осы жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келтіру мақсатында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты көрсетілген қаулының күші жойылды деп тануға жатады.
Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы нормативтік құқықтық акті қосымша әзірленетін болады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоба «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.