Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады, онда мекеме бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру өлшемдері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Осы құжат келесі бөлімдерді қамтиды:
бюджет процесінің заңнамалық негізі;
бюджет процесінің сызбасы;
мекеме бюджетін жоспарлау.
Бюджет процесінің заңнамалық негізі
Мекеме бюджеті жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларына сәйкес 3 жылдық кезеңге әзірленеді.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларына:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес қалыптастырылған.
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 02 сәуірдегі «Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы
17 желтоқсандағы (VIII шақырылған кезекті XXXVIII сессия) «2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» № 296/38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 320/41 шешімімен бекітілді.