Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 1019 Жарлығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сайлаушылардың тізімін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Осыған байланысты азаматтардың тізімге енгізу туралы мәліметтерді және олардың деректерінің дұрыстығын анықтауы үшін Call-орталығы ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінен жұмыс істей бастайды, тел.: 8 (7187) 34-08-68, +7 778 883 72 56.
Call-орталықтың жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма-сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
сенбі - сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.