2024-2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің азаматтық бюджеті
2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЖОБАСЫ
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға Теміржол ауылдық округінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылған.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- поселке бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Ауылдық округінің бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.
2024-2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті:
2024-2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті 520 643 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 508 211 мың теңге құрайды.
Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы
|
Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру |
|
Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту |
Теміржол ауылдық округі бюджетін нақтылау
2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеттің негізгі параметрлері
мың. теңге
|
|
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Түсімдер, оның ішінде: |
520 643 |
76 052 |
78 179 |
|
Салықтық түсімдер |
9 432 |
22 356 |
23 001 |
|
Салықтық емес түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
3 000 |
0 |
0 |
|
Трансферттердің түсімі |
508 211 |
53 696 |
55 178 |
|
Шығыстар |
521 438 |
76 052 |
78 179 |
Түсімдер
Ауылдық округінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар, жер салығы, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, бірыңғай жер салығы кірістерін есептегенде жалпы сомасы 9 432 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, 2024-2026 жылдарда қалалық бюджеттен 65 786 мың теңге субвенциялар белгіленген.
Ауылдық округінің жеке меншік кірістерінің көлемі 2024 жылға 9 432 мың теңгені құрайды.
2025-2026 жылдарда жеке меншік кірістердің көлемі 22 356 мың теңгеге және 23 001 мың теңгеге сәйкес құрайды.
Шығыстар
2024–2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округі бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.
2024 жылға арналған шығыстар жоспарланған, 2025-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.
2024–2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2025 жыл |
|
Шығындар |
521 438 |
76 052 |
78 179 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
36 186 |
34 749 |
35 238 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
48 118 |
35 935 |
37 358 |
|
Көлiк және коммуникация |
437 125 |
5 368 |
5 583 |
Көлік және коммуникация
Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы |
437 125 |
5 368 |
5 583 |
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер |
437 125 |
5 368 |
5 583 |
2024 жылға арналған бюджетте ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 5 055 мың теңге қарастырылған. Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 432 070 мың теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруына байланысты шығыстар 19 212 мың теңге сомада, жарықтандыруға 5 324 мың теңге сомада, санитариямен қамтамасыз етуге 827 мың теңге сомада, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 22 755 мың теңге құрайды.
мың.теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы |
48 118 |
35 935 |
37 358 |
|
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
|
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
19 212 |
28 867 |
30 021 |
|
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
5 324 |
5 834 |
6 054 |
|
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
827 |
1 234 |
1 283 |
|
|
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру |
22 755 |
|
|
|