Азаматтық бюджет

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЖОБАСЫ

 Құрметті сайтқа кірушілер!

          Сіздердің назарларыңызға Теміржол ауылдық округінің  негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2024-2026 жылдарға арналған  азаматтық бюджетінің жобасы ұсынылған. 

         Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:

          - бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;

          - бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;

          - поселке бюджетін жоспарлау.

Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы

           Ауылдық округінің бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасы қаржы  министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470  бұйрығымен  бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.

          2024-2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің  бюджеті:

  • Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне;
  • Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген  жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес әзірленді.

          2024-2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті 543 206 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 531 545 мың теңге құрайды.

                                        Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы

 Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру

  

 1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен  келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның  қарауына тапсыру 

 

Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру

 

Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту

 Теміржол ауылдық округі бюджетін нақтылау

 2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округі бюджеттің негізгі параметрлері

                                                                                                                 мың. теңге

 

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Түсімдер, оның ішінде:

543 206

76 052

78 179

Салықтық түсімдер

8 661

22 356

23 001

Салықтық емес түсімдер

0

0

0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3 000

0

0

Трансферттердің  түсімі

531 545

53 696

55 178

Шығыстар

543 206

76 052

78 179

 Түсімдер

           Ауылдық округінің бюджетінің негізгі кіріс көздері: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтар,  жер салығы, заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,  жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, бірыңғай жер салығы кірістерін есептегенде жалпы сомасы 8 661 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, 2024-2026 жылдарда қалалық бюджеттен 65 786 мың теңге субвенциялар белгіленген.

Ауылдық округінің жеке меншік кірістерінің көлемі 2024 жылға 7 226 мың теңгені құрайды.

2025-2026 жылдарда жеке меншік кірістердің көлемі 22 356 мың теңгеге және 23 001 мың теңгеге сәйкес құрайды.

 Шығыстар

 2024–2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округі бюджеттің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.

2024 жылға арналған шығыстар жоспарланған, 2025-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталған.

2024–2026 жылдарға арналған Теміржол ауылдық округінің бюджеті шығыстарының негізгі бағыттары

                                                                                                                                 мың.теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2025 жыл

Шығындар

544 001

76 052

78 179

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

33 368

34 749

35 238

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

51 854

35 935

37 358

Көлiк және коммуникация

458 770

5 368

5 583

Көлік және коммуникация

 Шығыстар жергілікті маңыздағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

                                                                                                               мың.теңге

                     Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Қөлік және коммуникацияға шығыстар, барлығы

458 770

5 368

5 583

соның ішінде:

 

 

 

Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

458 770

5 368

5 583

 2024 жылға арналған бюджетте ауылдық округінің автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 5 162 мың теңге қарастырылған. Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 453 608 мың теңге қарастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруына байланысты шығыстар    17 012 мың теңге сомада,  жарықтандыруға 9 116 мың теңге сомада, санитариямен қамтамасыз етуге 827 мың теңге сомада, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 24 899 мың теңге  құрайды.

                                                                                                                    мың.теңге

Атауы

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына шығыстар, барлығы

51 854

35 935

37 358

соның ішінде:

 

 

 

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

 

17 012

28 867

30 021

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

 

9 116

5 834

6 054

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

 

827

1 234

1 283

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

 

24 899

 

 

 


 

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕМІРЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
Дата публикации
04 сентября 2024