
https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz-kulakol/activities/43804?lang=kk
Мәдениет және спорт туралы ақпарат
Дене шынықтыру және спорт
Теміржол ауылдық округінің Құлакөл, Қарасор және Құдайкөл ауылдарында 3 ауылдық клуб жұмыс істейді. Онда келесі шығармашылық ұжымдар бар: «Шұғыла», «Гүлдер», «Айгөлек» би үйірмелері, «Балдәурен» вокалдық тобы, «Еркеназ» би үйірмесі, «Шебер қолдар» тоқу үйірмесі. Барлық ауылдық клубтар республикалық, облыстық, қалалық конкурстарға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады. 2023 жылы Құлакөл ауылының ауылдық клубы «Абай оқулары» республикалық байқауында 2-орынды иеленді, «Көктемі таланттар жәрмеңкесі» онлайн мәнерлеп оқу байқауында 1-орынды иеленді, облыстық «Жас өркен» шығармашылық фестивалінің байқауында 2-ші орын алды, «Елімнің тарландары» халықаралық өлең оқу байқауында 1-орынға ие болды.
Округте 3 кітапхана бар, кітап қоры 14732 кітапты құрайды, оның 5991-і қазақ тілінде. Оқырмандар саны-610 адам.
Округте балалар ойын алаңдары, көше тренажерлері, хоккей корты, шағын футбол алаңдары бар. 2023 жылы Қарасор ауылында жастарға арналған 11 млн. теңгеге шағын футбол алаңы орнатылды.