«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141216, Солнечный поселкесі, Конституция даңғылы 1, анықтама телефондары: 8 (7187) 224656, 224549, электрондық мекенжайы: akim.solnechny.ae@pavlodar.gov.kz.
Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі аппаратының «Мақпал» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен- жайы: 141216, Солнечный поселкесі, Жамбыл бульвары, 1/1,телефондары 8 (7187) 224543, 224834
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: ұрпақтың сабақтастығын сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамыту, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мәдени тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
- техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Конституцияны;
- Бюджет кодексін;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін;
- Еңбек кодексін;
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;
- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
- ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 04 – сәуір «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде.
Хабарландыру
Павлодар облысының кадрлық комиссиясы Павлодар облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттардытапсырусәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үшжылдан кем емесеңбекөтіліболуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: pavlodar@onir.pkrezerv.gov.kz, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5 а, 4 қабат, 410 кабинет.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында pavlodar.onir.rezerv.kz және келесі телефоны арқылы: 8 (7182) 20-83-35 алуға болады.