2024-2026 жылдарға арналған Солнечный поселкесінің азаматтық бюджеті (2024 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша)
Құрметті сайтқа кірушілер!
Сіздердің назарларыңызға Солнечный поселкесінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджетінің ұсынылған.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- поселке бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Поселкенің бюджеті Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелеріне сәйкес жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді.
2024-2026 жылдарға арналған Солнечный поселкесінің бюджеті:
2024-2026 жылдарға арналған Солнечный поселкесінің бюджеті 155 320 мың теңге көлемінде құрайды, соның ішінде жоғары тұрған бюджеттен трансферттер 41 495 мың теңге.