2023 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабының 6 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет есептерін жария талқылау жүргізіледі.

Бүгінгі күні Солнечный поселкесі әкімінің аппараты келесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -  1 қызмет көрсетілді;

2)«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»-3;

3) «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 1;

4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»- 1 қызмет көрсетілді;

5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»  - 2023 жылы 168  адам кезекке тұрды;

6) «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»- қызмет көрсетілген жоқ;

Бұдан басқа, әкім аппаратында  «Ашық Солнечный» сервистік әкімдікте электрондық қызметтер көрсетіледі, 2023 жылы  2140  қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы кеңес беру жүзеге асырылады, сондай-ақ аппаратта қажетті құжаттар тізбесі бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ,   мемлекеттік қызметтер уақытылы, мерзімдері бұзылмай көрсетілді.

2023 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

 

2023 жылғы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
Дата публикации
17 февраля 2024