2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШІДЕРТІ ПОСЕЛКЕСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТІ
Құрметті сайттың келермендері!
Сіздердің назарларыңызға Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптастырылу параметрлері мен бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпараты бар 2024-2026 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылған.
Осы құжат келесі тарауларды қамтиды:
- бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы;
- бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы;
- поселок бюджетін жоспарлау.
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Поселкенің бюджеті жыл сайын үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес әзірленеді.
2024-2026 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджеті:
2024 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджеті 183 023,0 мың теңге көлемінде, соның ішінде жоғарыдан түскен субвенция – 165 275,0 мың теңге құрайды.
Бюджеттік үдерістің сызбанұсқасы
|
Бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар жобаларын 15 мамырға дейін бюджетті жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
1 қыркүйектен кешікпей дейін бюджеттік жобаны жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін жоспарлаушы өкілетті органның қарауына тапсыру |
|
Бюджет жобасын бюджеттік комиссия мақұлдағаннан кейін 1 қарашадан кешікпей жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына тапсыру |
|
Үш жыл мерзімге арналған поселке бюджетін қала бюджетін бекіткеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей мәслихатпен бекіту |
Шідерті поселкесі бюджетін жоспарлау
2024-2026 жылдарға арналған Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі параметрлері
мың теңге
|
|
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Түсімдер, оның ішінде: |
|
|
|
|
Салықтық түсімдер |
17 425,0 |
17 097,0 |
17 524,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
82,0 |
84 |
88,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
865,0 |
0 |
0 |
|
Берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
55 346,0 |
|
|
|
Субвенциялар |
109 929,0 |
114 223,0 |
116 430,0 |
|
Бюджет қаражатының қалдықтары |
241,0 |
|
|
|
Шығыстар |
183 023,0 |
131 404,0 |
134 042,0 |
Түсімдер
Шідерті поселкесі бюджетінің негізгі кіріс көздері: төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық, елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы, заңды және жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық, жалпы түсімдерден 17 425,0 мың. теңге сомада 2024 жылға құрайды.
2024-2026 жылдары меншікті табыс көлемі тиісінше 17 425,0 мың теңгені, 17 097,0 мың теңгені және 17 524,0 мың теңгені құрайды. Бұдан басқа, 2024-2026 жылдарға қала бюджетінен тиісінше 109 929,0 мың теңге, 114 223,0 мың теңге және 116 430,0 мың теңге сомасында субвенциялар белгіленді.
Шығыстар
2024-2026 жылдарға арналған поселке бюджетінің шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген шараларды орындауға бағытталған.
2024 жылға арналған шығыстар бекітілді, 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер анықталды.
2024-2026 жылдарға арналған Шідерті поселкесінің бюджет шығыстарының негізгі бағыттары
мың теңге
|
Атауы |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|
Шығындар |
183 023,0 |
131 404,0 |
134 042,0 |
|
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
51 126,0 |
54 180,0 |
54 613,0 |
|
Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру |
19 366,0 |
15 227,0 |
15 836,0 |
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру |
22 829,0 |
23 653,0 |
24 511,0 |
|
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
21 632,0 |
5 452,0 |
5 671,0 |
|
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау |
26 052,0 |
29 575,0 |
29 961,0 |
|
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
3 189,0 |
3 317,0 |
3 450,0 |
|
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету |
38 826,0 |
0 |
0 |
|
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
3,0 |
0 |
0 |
Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiк
2024 жылға жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға штат саны 11 бірлік «Юбилейный» мәдениет үйін ұстауға және мәдени шаралар өткізуге 26 052,0 мың теңге сомада шығыстар қарастырылған. Поселке аумағында мәдени-көпшілік іс-шаралар, мемлекеттік, ұлттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жоспарланған.
Көлік және коммуникация
Кенттің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 2024 жылға арналған бюджетке 3 189,0 мың теңге қарастырылған. Қаражатты кент жолдарын қысқы күтіп ұстауға бағыттау жоспарлануда.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту
2024 жылы кентті көшеде жарықтандыруға 22 829,0 мың теңге сомасында шығыстар жоспарлануда. Абаттандыруға 21 632,0 мың теңге. Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру 19 366,0 мың теңге. Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Шідерті кентінде санитарияны қамтамасыз етуге-38 826,0 мың теңге.