
Бәйет ауылдық округі негізінен ауыл шаруашылығының-мал шаруашылығы бағытына бейімделген. Ауылдық округ аумағында мал шаруашылығы бағытында 16 шаруа қожалығы мен 18 жеке кәсіпкерлік субъектілері еңбек етуде және "Виктория" шаруа қожалығы көкөністер мен көшеттерді өсірумен айналысады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мал санағы дерегі бойынша ірі қара мал-2968 бас, жылқы-1610 бас, қой, ешкі-4238 бас, құс-1914 дананы құрады.