2026 жылғы 10 ақпанда Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Ж.Б. Төребековтің төрағалығымен, Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Д.Қ. Каукеновтің және Екібастұз қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.С. Төлеубаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарын түсіндіру мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Екібастұз қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысты.
Негізгі назар келесі мәселелерге аударылды:
- мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу;
- қызметтік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
- азаматтармен және әріптестермен өзара іс-қимыл барысында сыпайы әрі әдепті мінез-құлық таныту;
- мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау және қызметтік тәртіпті сақтау бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.
Екібастұз қаласында өткен "Саналы маусым" жайдарман ойындарына Зеленая роща ауылынан "Жайылма" құрама командасы қатысып, қарсыластарын 4:1 есебімен жеңіп, облысқа жолдама алды.
Павлодар қаласында өткен жастар арасындағы ұлттық спорт көкпардан Ақкөл ауылдық округінің жастарынан құралған "Сайфуллах" командасы жүлделі 1- орынды иеленді.
Ақкөл ауылында 2024 жылдың 26 наурыз күні Наурыз мейрамына орай, спорт жетекшілері Шөпшин Оразалы Қадырұлы және Ақтаев Бақтияр Қабдырашитұлының ұйымдастыруымен волейболдан жолдастық кездесу өтті. Жарысқа Ақкөл ауылының "Ақкөл-1", "Ақкөл-2" командалары,Екібастұз қаласында тұратын ақкөлдіктердің "Достық" командасы және Ақтоғай ауданының Ақжол ауылдық округінің "Ақжол" командасы қатысты.
2024 жылдың 07 наурыз күні Ақкөл ауылдық клубында 8-наурыз Халықаралық әйелде күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Шара барысында ауылдық округ әкімі Е.Ж.Қабылтаев әйелдер қауымын құттықтап, ақ жаулықты әжелерге, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіп сыйлықтар табыстады.
Бүгін 2024 жылғы 27 ақпанда ауылдық округ әкімі аппаратының кесесінде Ақкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесінің отырысы өтті.
Аталған жиында Ақкөл ауылдық округінің әкімі Е.Кабылтаев «Ақкөл ауылдық округі аумағында жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және оны іске асыру қортындылары туралы» баяндама жасады.
Өз кезегінде Жергілікті қоғамдастық төрағасы Д.Оспанов бастаған жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері ауылдық округ әкімінің есебін талқыға салып, 2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы ұсыныстар жасап, ағымдағы жылдың наурыз айында округтің елді мекендерде «2024 жылы жайылымдарды пайдалану туралы» тұрғындардың жалпы жиналсын өткізуді ұйымдастыруды ұсынды.
Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Бәйет ауылында ауылдық округтер арасында өткен волейбол турнирінде Ақкөл ауылының командасы жүлделі 2 орынды иеленді.
2024 жылғы 25 қаңтарда Ақкөл ауылына кіреберіс жолда көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады.
Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.
Іріктеуді Облыстың Кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады
Іріктеуге:
|
ü 35 жастан аспаған; ü жоғары білімді; |
Іріктеу келесі бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады[1]:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады.
1.БІРІНШІ КЕЗЕҢ-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ.
Кезең 1-31 наурыз аралығында өтеді. Кандидаттар құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz - жоба сайтында тапсыра алады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Анықтама: құжаттарды тапсыру сәтінде жұмыссыз болып табылатын кандидаттар соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
Сонымен қатар, құжаттарды беру біздің Департаментке қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде де мүмкін екенін атап өткен жөн.
Анықтама:құжаттарды қағаз жеткізгіште не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі және құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың соңғы күнінен кешіктірмей осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген құжаттарды жүктейді.
Жеке кабинетте барлық құжаттар топтамасын ұсынып тіркелгеннен кейінүміткер өңірді және салалық бағытты таңдайды.
Бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.
Үміткерлер өзі тұратын өңірден басқа өңірдің резервіне қабылдану үшін құжаттарды тапсыра алады (яғни кез-келген өңірді таңдай алады, бірақ өзгерте алмайды).
Құжаттар ұсынылғаннан кейін үміткерлерге оларды верификациялау туралы хабарлама келеді. Әрі қарай, кандидаттарға жеке кабинеттетестілеу күні мен уақытын таңдау ұсынылады
**
Тестілеу Мемлекеттік басқару академиясы мен оның филиалдарының тестілеу залдарында офлайн форматта екі блокта өтеді.
Бірінші блок. «Заңнаманы білуге арналған тестілеу»:
Тест тапсыруға кандидаттарға - 55 минут беріледі.
Екінші кезеңнің бірінші блогы 5-9 сәуір аралығында өтеді.
Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге» заңнаманы білуге арналған тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50% - ы өтеді, бірақ 80 кандидаттан аспайды[2].
Тестілеудің жалпы уақыты-90 минут. Екінші кезеңнің екінші блогы 13 және 14 сәуірде өтеді.
3.ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – «ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ» Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді (алдын ала 22 сәуір – 7 маусым).
Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды қатысушылар өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды.Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды.
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер қалыптастырылады, олар кандидаттың жеке кабинетінде орналастырылатын болады.
Құзыреттілікті бағалау (ассессмент - орталық) рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
Презентация 5 слайдтан тұруы керек.
Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет.
Презентацияны қорғау 5 минуттан аспайды.
Комиссия кандидаттарды келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
қарым-қатынас дағдылары.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
5.БЕСІНШІ КЕЗЕҢ – «КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА» резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.
Өңірлік резервтерге алынған адамдардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады.
Әрбір кезеңнің нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылатын болады.
Сондай-ақ кандидаттар іріктеуден өту тілін таңдап, әр кезеңнің өту күні мен уақытын таңдай алады
Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл.
Бүгін Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылында Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Ж.Садвакасов және Ақкөл ауылдық округінің әкімі Е.Ж.Кабылтаев қалыптасқан табиғи жағдайға байланысты шаруа қожалықтары басшыларымен қыстақтағы жылқы тебіні мәселесі төңірегінде кездесу өткізді. Кездесу барысында қолға ұсталған жылқыларды жем-шөппен қамтамасыз ету, тебіндегі жылқыларды қадағалау үшін кезекшілік құру және күйі нашар жылқыларды тасымалдауды ұйымдастыру жолдары қарастырылды.