Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен реттеледі.

 

Аталған Кодекстің 64 - бабының 4-бөлігіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.

 

- қағаз жеткізгіште қолма-қол;

 

- пошта байланысы арқылы;

 

- "е-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы.

 

63-бап. Өтінішке қойылатын жалпы талаптар:

 

Ауызша нысанда берілген өтінішті ,өтінішті қабылдаған лауазымды адам немесе әкімшілік органның қызметкері жеке хаттамаға енгізеді.

Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтініште хаттамада:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

 

2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

 

3) өтініштің мәні;

 

4) өтініш берілген күні;

 

5) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;

 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтерді қамтиды.

 

Көрсетілген өтініш кодексінің 64 бабының бөліктеріне сәйкес:

 

Өтініш осы кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.

Егер өтініш беруші оны әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам өтінішті қайтарады.

Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі болмайды.

Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш берушінің өтінішті кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған жағдайда оны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

 

 

 

Дата публикации
29 января 2024
Дата обновления
29 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 января 2024
Мәдениет және спорт туралы ақпарат
Ақпарат
29 января 2024
Денсаулық сақтау туралы ақпарат
Ақпарат
29 января 2024
Білім туралы ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы