«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекттік мекемесі :
1) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту,
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
3) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,
5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,
6) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті.
Ағымдағы жылдың 3- тоқсаны бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 1, кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру- 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.
Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болмады.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін практикалық көмек көрсету және азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттануын арттыру, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіліп тұрады.
Ағымды жылдың 3-тоқсанында жалпы 288 адамды қамтыған 1 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Атап айтар болсақ :
1) 2024 жылдың 20 тамыз күні наркологиялық ұйымнан анықтаманы қалай алуға болады? Мақала жарияланды (Қамту аудиториясы 288 адам).
Бүгінгі күні Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының, Ақкөл ЖОББМ және Шідерті НОББМ ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұр. 2024 жылдың 3-тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 11 адам электрондық цифрлық қолтаңба алды.
Тұрғындар арасында мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталынан алуды насихаттау жұмыстары үнемі бақылауда.
Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сапасына округ тұрғындары тарапынан түскен шағымдар жоқ.