«Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есепке 2024 жылғы 2-тоқсанға талдаулық анықтама.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

          1) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту,

          2) Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру,

          3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,

          4) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендер (бәсеке, аукцион) өткізуді талап етпейтін құқықтарды сатып алу,

          5) жер учаскесін жеке меншікке бірден төлем немесе бөліп төлеу арқылы сату,

          6)жер учаскесін алуға кезекке қою. 

Ағымдағы жылдың 2-ширегі бойынша 2 түр мемлекеттік қызмет көрсетілді - мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендер (бәсеке, аукцион) өткізуді талап етпейтін құқықтарды сатып алу, 2 түр мемлекеттік қызмет - кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.

         Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 бас тарту болды (жылжымайтын мүлікке (тұрғын үйге) құқық негіздемелік құжаттарының болмауына байланысты ҚР Жер кодексінің 52-бабына сәйкес бас тартылды).

Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуге практикалық көмек көрсету, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндірме шаралар жүргізілуде.

         Ағымдағы жылдың 2-ширегінде жалпы қамтылғандар саны 1418 адамды құрайтын 4 түсіндірме шара өткізілді. Атап айтқанда:

1) 2024 жылдың 29 сәуірінде жүргізуші куәлігі - автокөлік иелері үшін ауыстырылмайтын құжат. Бірақ куәліктің мерзімі аяқталса, тегіңізді, атыңызды және жеке әкенің аты-жөнін өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек? Мақала жарияланды (тыңдаушылар саны 297 адам).

2) 2024 жылдың 03 мамырында Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, eGov mobile арқылы 6 айдан 12 айға дейін құмар ойындар мен парилерге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады. Бейнеролик шығарылды (тыңдаушылар саны 302 адам).

3) 2024 жылдың 04 мамырында барлық мемлекеттік қызметтер үшін ЭЦҚ «бір». Мақал жарияланды (тыңдаушылар саны 277 адам).

4) 2024 жылдың 10 маусымында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 07 маусымда «Ашық есік күні» өтті. Бейнеролик шығарылды (тыңдаушылар саны 542 адам).

      Бүгінгі таңда Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимараттарында, Ақкөл ОМ және Шідерті БОМБ-да өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 2024 жылдың 2-ширегінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 26 адам электрондық сандық қолтаңба алды.        

     Халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау жұмысы үнемі бақылауда.

     Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының сапасына қатысты округ тұрғындарының жағынан шағым түскен жоқ.

«Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есепке 2024 жылғы 2-тоқсанға талдаулық анықтама.
Дата публикации
11 марта 2026