«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту,
2) Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру,
3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,
4) сауда-саттық (бәсекелестік, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу,
5) жер учаскесін жеке меншікке бірден төлем немесе бөліп төлеу арқылы сату,
6) жер учаскесін алуға кезекке тұру.
2025 жылдың 4-ші тоқсанында «жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметінің 1 түрі көрсетілді.
Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуге практикалық көмек көрсету, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру-насихат іс-шаралары жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында 3 түсіндіру-насихат іс-шарасы өткізіліп, барлығы 829 қаралым жинады. Атап айтқанда:
1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту 2025 жылдың 29 қазаны. Аудитория қамтуы 176 қаралым.
2) атқару ісін жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған AdiletGov мобильді қосымшасы туралы 2025 жылдың 20 қарашасы. Аудитория қамтуы 605 қаралым.
3) көлікке VIP нөмір тапсырыс беру 2025 жылдың 26 желтоқсаны. Аудитория қамтуы 48 қаралым.
Бүгінгі таңда Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2025 жылдың 4-ші тоқсанында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 24 адам электрондық цифрлық қолтаңба жасап, мемлекеттік қызметтер алды.
Халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау жұмысы үнемі бақылауда.
Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан, округ тұрғындарынан мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының сапасына шағымдар түскен жоқ.