«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есебінің 2025 жылғы 3-тоқсанға талдаулық анықтама.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

          1) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту,

          2) Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру,

          3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,

          4) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендер (бәсеке, аукцион) өткізуді талап етпейтін құқықтарды сатып алу,

          5) жер учаскесін жеке меншікке бірден төлем немесе бөліп төлеу арқылы сату,

          6) жер учаскесін алуға кезекке тұру. 

2025 жылдың 3-ші тоқсанында «мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне тендер (бәсеке, аукцион) өткізуді талап етпейтін құқықтарды сатып алу» - 5 түрлі мемлекеттік қызмет,

- жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту - 2 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратынан мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуге практикалық көмек көрсету, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру-насихат іс-шаралары жүргізіледі.

         Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында барлығы 3860 қаралымды қамтыған 4 түсіндіру-насихат іс-шарасы өткізілді. Атап айтқанда:

1) 2025 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде кез келген құқықтық сұрақтарға онлайн режимінде жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі «сандық көмекші» чат-бот іске қосылды. Аудитория қамтылуы 2990 қаралым.

2) 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде кез келген құқықтық сұрақтарға онлайн режимінде жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі «сандық көмекші» чат-бот іске қосылды. Аудитория қамтылуы 331 қаралым.

3) 2025 жылдың 10 қыркүйегінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы Ф-2 туралы анықтаманы (қозғалмайтын мүлікке қойылған шектеулердің (борышқорлық, тыйым салу) жоқтығы) алу.  Аудитория қамтылуы 410 қаралым.

4) 2025 жылдың 23 қыркүйегінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «ЭЦҚ қалай алуға болады» оқу-әдістемелік бейнесі жарияланды. Аудитория қамтылуы 129 қаралым.

      Қазіргі уақытта Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимараттарында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2025 жылдың 3-ші тоқсанында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 53 адам электрондық сандық қолтаңба жасап, мемлекеттік қызметтер алды.    

     Халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау жұмысы үнемі бақылауда.

     Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде жүргізілетін жұмыстардың сапасына қатысты округ тұрғындарынан шағымдар түскен жоқ.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есебінің 2025 жылғы 3-тоқсанға талдаулық анықтама.
Дата публикации
10 марта 2026