«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есебінің 2025 жылғы 2-тоқсанға талдаулық анықтама.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімнің аппараты»  мемлекеттік мекемесі :

          1) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту,

          2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

          3) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,

          4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,

          5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,

          6) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті. 

2025 жылдың 2-тоқсанында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

         Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін практикалық көмек көрсету және азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттануын арттыру, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіліп тұрады.

         Ағымды жылдың 2-тоқсанында жалпы 2007 қаралым қамтыған 3 түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Атап айтар болсақ :

1)  2025 жылдың 2 сәуірі күні eGov.kz порталы және  eGov Mobile көмегімен «Наркологиялық ұйымнан анықтама алу» қызметі туралы бейнебаяны жарияланды. Қамту аудиториясы 324 қаралым.

2) 2025 жылдың 3 сәуір күні күні Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсетіу бұрышының І-тоқсанға арналған есебі жарияланды. Қамту аудиториясы 1429 қаралым.

3) 2025 жылдың  24 мамыр күні eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы «ЭЦҚ қалай алуға болады» нұсқаулық бейнебаяны жарияланды. Қамту аудиториясы 254 қаралым.

      Бүгінгі күні Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараттарында  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұр. 2025 жылдың 2-тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 13 адам  электрондық цифрлық қолтаңба жасап, 1 адам берешегінің жоқ не бар екендігі туралы, 1 адам жылжымайтын мүліктің жоқтығы(барлығы) туралы, 1 адам жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы қызметтерін алды.    

     Тұрғындар  арасында  мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталынан алуды насихаттау жұмыстары үнемі бақылауда.

     Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сапасына округ тұрғындары тарапынан түскен шағымдар жоқ.

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты қызметі жөніндегі есебінің 2025 жылғы 2-тоқсанға талдаулық анықтама.
Дата публикации
10 марта 2026