«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі бойынша есебі
2025 жылдың 1-ші тоқсанына арналған аналитикалық анықтама.
«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту,
2) Жер учаскесінің мақсаттық бағытын өзгерту туралы шешім беру,
3) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,
4) сауда-саттық (бәсекелестік, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу,
5) жер учаскесін жеке меншікке бірден төлем немесе бөліп төлеу арқылы сату,
6)жер учаскесін алуға кезекке қою.
2025 жылдың 1-ші тоқсанында «сауда-саттық (бәсекелестік, аукцион) жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» деген 1 түр мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты жағынан, жер учаскесінің ауданының Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскелерін беру нормаларынан асып кетуіне байланысты және мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша бас тартылды -1.
Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартуға, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар етуге практикалық көмек көрсету, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндірме шаралар жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында барлығы 1035 адамды қамтитын 4 түсіндірме шара өткізілді. Атап айтқанда:
1) 2025 жылдың 14 қаңтарында «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жағынан 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қоғамдық пікірталас тікелей эфирі өткізілді. Аудитория қамтылуы 624 адам.
2) 2025 жылдың 22 қаңтарында eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы «банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі туралы бейне жарияланды. Аудитория қамтылуы 97 адам.
3) 2025 жылдың 7 ақпанында eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы «Ұлттық қор - Балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты тексеру туралы «ата-аналар мен заңды өкілдер» оқу бейнесі жарияланды. Аудитория қамтылуы 150 адам.
4) 2025 жылдың 14 наурызында eGov Mobile қосымшасы арқылы «жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру» нұсқаулығы жарияланды. Аудитория қамтылуы 164 адам.
Қазіргі уақытта Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты ғимараттарында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2025 жылдың 1-ші тоқсанында өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 24 адам электрондық сандық қолтаңбаны ресімдеді, 1 адам мекенжай бойынша тіркеуге өтініш берді, 2 адам мекенжай бойынша тіркеу өтінішін бекіту қызметтерін алды, 4 адам емханаға тіркелу қызметтерін алды.
Халық арасында электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау жұмысы үнемі бақылауда.
Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты жағынан, округ тұрғындарынан мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.