«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

                 «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тарапынан

 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

есепті қоғаммен талқылау

ХАТТАМАСЫ

 

 

Ақкөл ауылы                                                                        2026 жыл 26 қаңтар

instagramm әлеуметтік желісі

@akkolinform парақшасы

Тікелей эфир онлайн форматта                                                  сағат 12.00

 

Төрағалық: Ерлан Жаңбыртайұлы Кабылтаев-Ақкөл ауылдық округінің әкімі.

Қатысқандар: қызмет алушылар.

instagramm әлеуметтік желісі- 916 қаралым.

 

Күн тәртібі:

  1. «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тарапынан 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі.

Баяндамашы: Жақсылық Боранбайұлы Истаев.

2.Есепті талқылау.

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша баяндамашы Жақсылық Боранбайұлы Истаевқа берілді.

Ж.Б.Истаевтың баяндамасы. (Баядама қоса беріліп отыр).

Е.Кабылтаев : 

- Жақысылық Боранбайұлы Истаевқа көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы  сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз бар ма ?

(Сұрақтар қойылмады).

Е.Кабылтаев : 

- Егер сұрақтарыңыз болмаса Жақсылық Боранбайұлы Истаевтың есебі назарға алынсын.

Күн тәртібінің екінші мәселесі есепті талқылау бойынша қандай ұсыныс-пікірлері бар?

(Сұрақтар қойылмады).

Е.Кабылтаев : 

- Болмаса көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы  есеп жиналысын жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Қоғамдық талқылау нәтижесі бойынша «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  ұсынылды :

  • Мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде алуды насихаттау жұмысы тұрақты жүргізіліп тұрсын.

 

Ақкөл ауылдық округінің әкімі                       Е.Кабылтаев

                                                       Хатшы                           Н.Абильшаихова

 

 

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан  2025  жылы  көрсетілген

мемлекеттік қызметтер туралы

 

Құрметті жиналысқа қатысушылар !

 

      Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабының 6 тармағына сай барлық мемлекеттік мекемелер көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп беріп қоғамдық талқылаулар өткізуі тиіс. Осы орайда Сіздердің назарларыңызға «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс бойынша 2025 жылдың қортынды есебін ұсынуға рұқсат етіңіздер.

     «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі :

          1) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту,

          2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,

          3) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру,

          4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,

          5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,

          6) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

        Жыл қортындысы бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі – 9, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»-3 қызметтері көрсетілді.

      Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша Жер Кодексінің 50-бабына сәйкес жер учаскесі алаңының жер учаскелерін беру нормаларынан асып кетуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту-1.

      Әкім аппараты тарапынан  мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту үшін практикалық көмек көрсету және азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттануын арттыру, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталын насихаттау мақсатында жүйелі түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіліп тұрды.

      Мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталынан алуды тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуде instagramm әлеуметтік желісі кеңнен қолданылды. Іnstagramm әлеуметтік желісіндегі Ақкөл ауылдық округіне арналған @akkolinform парақшасында мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға және мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға бағытталған үгіт-насихат бағытындағы ақпараттық 14 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, аталған шаралар аудиториясы жалпы 7731 адамды қамтыды.

      Жыл басынан бері Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан барлығы 114 азамат электронды үкімет порталына жүгініп электронды түрде қызмет алды. 

      Тұрғындар  арасында  мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталынан алуды насихаттау жұмыстары ауылдық округ әкімінің үнемі бақылауында.

      Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сапасына окург тұрғындары тарапынан түскен шағымдар жоқ.

      Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ тарапынан 2025  жылы  атқарылған жұмыс есебінің қортындысын тыңдадыңыздар. Енді осы мәселе төңірегінде айтар ойларыңыз, пікірлеріңіз немесе сұрақтарыңыз болса ортаға салуларыңызға болады.

 

    Назарларыңызға рахмет!

«Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Дата публикации
04 марта 2026