Ақкөл ауылдық округі аумағындағы көліктің негізгі түрі-автомобиль. Ақкөл ауылдық округінің аумағынан облыстық маңызы бар Басқамыс-ГРЭС-1 автомобиль жолы өтеді. Елді мекендермен көліктік байланыс Басқамыс-ГРЭС-1-Ақкөл автожолы, грейдерленген жолдар және далалық жолдар арқылы жүзеге асырылады.
Телекомуникация. Ақкөл ауылдық округі аумағындағы негізгі телерадиохабар таратушы "Қазтелерадио"АҚ Ұлттық телерадиохабар тарату операторының OTAU TV жерсеріктік телерадиохабары.
Байланыс. Телефон байланысы мен интернеттің негізгі операторлары «Beeline» «Kcell», «Қазақтелеком» және «Tele2».
БАҚ. "Отарқа", "Голос Экибастуза", "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" және "Егемен Қазақстан"республикалық газеттері.