Ақкөл ауылдық округінде 2 мәдениет мекемесі бар: Ақкөл ауылдық клубы және Зеленая роща ауылының клубы. Аталған мәдениет орталықтарында "Ауыл әуендері", "Сәулем-ай" тобы, "Жалын", "Жайылма дауысы", "Сырлы сөз" шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді.
Ауылдық округтің орталығы Ақкөл ауылында "Исабек Ишан" мұражайы орналасқан. Мұражайда орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі ауылдық округтің тарихы бойынша материалдар жинақталған.
Округте Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Ақкөл ауылдық кітапханасы орналасқан. Кітапхана қоры 12345 кітап.
Ақкөл ауылдық округі жоғары спорттық жетістіктерімен танымал. Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуға , салауатты өмір салтын насихаттауға, спорт шеберлігі мен спортшылардың жеке жетістіктерін арттыруға Ақкөл ЖОББМ, Қ.Алғамбаров атындағы НББМ, сондай-ақ БЖСМ-3 секциялары ерекше үлес қосуда. "Ақкөл" әуесқой футбол клубы еңбек ұжымдары мен әуесқой командалар арасындағы Екібастұз қаласы футбол чемпионатының тұрақты қатысушысы. "Ақкөл" әуесқой волейбол командасы Екібастұз қаласының ауылдық аймақтары чемпионатының және облыс чемпионатының тұрақты қатысушысы. Ақкөл ауылдық округінде ұлттық ат спорты түріне - көкпарға ерекше көзқарас қалыптасқан. "Ақкөл", "Пырақ", "Сайфуллах", "Көкбөрі" командалары облыс чемпионаттарының тұрақты қатысушылары және бірнеше дүркін чемпиондары. Аталған командалардың көкпаршылары Павлодар облысы құрамасының негізін құрайды.