Ауылдық округ аумағында Ақкөл ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және Зеленая роща ауылының медициналық пункті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, қызмет етеді.
Ақкөл ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясының штаттық құрылымы жалпы тәжірибелік дәрігер-1, медбике-2, санитар-1, жүргізуші-1, күзетші-1. Зеленая роща ауылының медициналық пунктінің штаттық құрылымы медбике -1.
Ақкөл ауылының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 1 дана «УАЗ» маркалы санитарлық жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген.