
Тамыз педагогикалық кеңесінде білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың жаңа тәсілі туралы айтып берді.
Биыл Павлодарда педагогикалық колледж базасында балабақша педагогтарының біліктілігін арттыру үшін ресурстық орталық ашылады.
- Біз онда біздің үздік әдістемелік тәжірибелеріміз бен әзірлемелерімізді тартатын боламыз, оған қоса, ғылым мен практиканы ұштастыру үшін біздің университеттеріміздің ғалымдарын осы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Нәтижесінде біз әрбір мектепке дейінгі білім беру педагогына балалармен жұмыс жасаудың дайын әдістемелік жинағын ұсынуымыз керек, - деді Дінислам Болатханұлы.
Басқарма басшысы сондай-ақ 2020 жылы аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізу тәрбиешілердің жалақысын расталған біліктілікке сәйкес арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Биыл ұлттық біліктілік тестілеуге мектепке дейінгі білім берудің 826 педагогы қатысады деп жоспарлануда.