
Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған «Ақ бота» облыстық балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының қорытындысын шығарды.
- Байқау аудандық, қалалық турлардың қорытындысы бойынша «Кинорежиссер Ш.Аймановтың портреті», «Ш. Аймановтың өмірі мен қызметі», «Театр және кино әлемі» тақырыптарында өткізілді. Өз жұмыстарын жалпы білім беретін мектептердің, балалар көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары, облыстың қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары 6-9 жас, 10-12 жас, 13-16 жас аралығында қаралды, - дейді Гүлнар Мұхаметкалина.
Байқауға 220-дан астам оқушылар, аудандық, қалалық турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 6 оқушылары - Дюсекенова Анель, 8 жаста, С. Торайғыров атындағы ЖОМ оқушысы, қарындашпен орындалған «Сахна және экран сиқыры» жұмысымен, Бейскеева Алина, 11 жаста, № 39 ЖОМ оқушысы «Актрисаның киіну бөлмесіндегі» суретімен, Столярова Васелина, 15 жаста, № 36 ЖОМ оқушысы, графика техникасында орындалған «Ш.Аймановтың портрет» суретімен және қалалық байқаудың жеңімпаздары қатысты. Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 6 жастағы оқушысы Иманбек Бейбарыс, № 40 ЖОМ 12 жастағы оқушысы Пахандрина Виктория, С. Торайғыров атындағы ЖОМ 15 жастағы оқушысы Грималовская Анастасия жүлдегер атанды. Олардың жұмыстары кесте техникасындағы «Сиқырлы сахна», «Ш.Аймановтың өмірі мен қызметі», графика техникасындағы «Біздің Шәкен Айманов» тақырыптарында болды.
- Мен атақты жерлесіміз Шәкен Айманов туралы білдім. Бұл өте талантты режиссер, жақсы актер. Ол өз фильмдерінде көптеген рөлдерді ойнады, - дейді конкурс жеңімпазы Столярова Василина.
Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарды облыстың 20 қатысушысы, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 9 қатысушысы иеленді. № 36, № 40 мектептердің қатысушылары жеңімпаз, С. Торайғыров атындағы мектептің қатысушысы жүлдегер атанды. Облыстың көркемсурет мектептері мен өнер мектептері арасында Павлодар қаласы мектебінің 26 қатысушысының 6-ы жүлделі орынға ие болды. Кубекова Милана, 15 жаста, «Лезде – мәңгі» суреті үшін, Лазарев Олег, 9 жаста, аралас техникадағы «Кинематографтың сиқырлы әлемі» суреті үшін, Семей Медина, 10 жастағы кескіндеме техникасындағы «Алдар Көсе» суреті үшін жеңімпаз атанды. Екінші орынды Горбенко Василиса, 8 жаста, «Тақиялы періште» суреті үшін, Левадная Ясмина, 15 жаста, гуашь техникасындағы «Біздің мақтанышымыз» суреті үшін, үшінші орынды Сабыт Інжу 10 жаста, графика техникасындағы «Шәкен Айманов» суреті үшін иеленді.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар алды, жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.