Жаздың ең қызықты сәттері!

Жаздың ең қызықты сәттері!

       Жаз - Тереңкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қызықты іс-шараларға, есте қаларлық оқиғаларға толы болды.Балаларға әсіресе «Следопыты» квесты, «Қазынаны тап», «Оқиғалаларды іздеушілер», «Экологиялық десанттар», «Сабын көбіктері мерекесі» қызықты ойындары ұнады. «Алтын Орда - алтын бесігім» танымдық іс-шаралары, «Әлемде не болып жатыр?» Халықаралық панорама, «Республика дәулеті: жеті керемет» викториналары, «Ойлан, тартынба, болжа», «Менің туған жерім» кітап марафондары, «Керемет оқу»», «Жазда зерігуге уақыт болмайды, егер бірдеңе оқысаңыз» іс-шаралары балаларға оқиғалар туралы хабардар болуға, зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге және оқуға деген қызығушылығын жоғалтпауға мүмкіндік берді. Жас велосипедшілерге арналған «Қауіпсіз доңғалақ» жарысы өте қызықты өтті. Оның барысында балалар, ептілік және шеберліктерін көрсетті.