
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың ауылдық мектептерінің 9 - 11 сыныптың 781 оқушысы, олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының № 40 ЖОМ (8), Жетекші ЖОМ (3), Кенжекөл ЖОМ (13) 24 оқушысы қатысты. Олимпиаданың мақсаты - шалғайдағы елді мекендерден келген дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
Павлодар қаласының үш жалпы білім беретін мектебінің қатысушылары үшін олимпиада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында өтті, оның ішінде 6 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.
І орынды № 40 мектептің 11 сынып оқушысы Комаров Максим, Кенжекөл мектебінің 10 сынып оқушысы Берік Аружан жеңіп алды.
ІІІ орынды № 40 мектептің 9 сынып оқушысы Төлеген Диана, 9 сынып оқушысы Егінбай Надир, Кенжекөл мектебінің 10 сынып оқушылары Зардхан Жансұлу, Шаймұрат Асанәлі иеленді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары 2024 жылғы қаңтарда ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.