Павлодарлық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша 347 жүлделі орынға ие болды

Павлодарлық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша 347 жүлделі орынға ие болды

Ж. Тәшенев атындағы мектепте 2023 жылғы 19 - 21 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сыныптың 747 оқушысының қатысуымен үш күндік дәстүрлі қалалық пәндік олимпиада өткізілді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың республикалық кезеңінің мақсаты-шығармашылық қабілеттерін, практикалық дағдыларын дамыту және қолдау, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін жағдай жасау.

Олимпиада 2 бағыт бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық – қазақ  тілі мен әдебиеті, қазақ тілі орыс тілінде оқытатын мектептерде, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде, Қазақстан тарихы, ағылшын, неміс, француз тілдеріне негізделген.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары 347 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын - 49, II орын - 98, III орын - 200. Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің түрлі дәрежелі дипломдары және олимпиада медальдарымен марапатталды.

I орынды № 2 (4), 17 (5), 18, 29 (5), 30, 35, 36, 38, 39 (7), 40, 41, Ш. Шөкин атындағы, А. Шамкенов атындағы, Ә. Бөкейхан (5), Б.Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы (3), А. Байтұрсынов атындағы (3), Ж. Тәшенев атындағы (7)  ЖОМ оқушылары иеленді.  Аталған мектептердің оқушылары 2024 жылдың қаңтар айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Жаратылыстану-математикалық бағытта «Үздік олимпиадалық команда - 2023» номинациясы бойынша жалпы командалық орындардың қорытындысы бойынша № 39 мектептің 7 командасы (бірінші орын), А.Байтұрсынұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы (екінші орын), Ә. Бөкейхан және № 29, 11, 17 мектептер (үшінші орын).

 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда - 2023» номинациясымен  8 команда атанды. І орынды Ж.Тәшенев атындағы, № 39мектеп командалары, ІІ орынды № 2, 29 , Ә. Бөкейхан атындағы мектеп-лицей командалары, ІІІ орынды - А.Байтұрсынұлы атындағы, Машһүр Жүсіп атындағы, № 11мектеп командалары жеңіп алды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде  марапатталуы және жабылуы   22 желтоқсанда өтті.