
«Жас ұрпақ» КМҚК тәрбиеленушілері Дамир мен Маргарита Салахитдиновтар Екібастұз қласында өткен ашық облыстық Грэпплинг Aiga турниріне қатысты. Турнирдің басты мақсаты - жастрады спортқа баулу.
Мұндай жарыстар жастардың дамуына көмектеседі, оларды жақсы және күшті болуға ынталандырады, салауатты өмір салтын насихаттайды және жастарды жақсы жаққа бағыттайды.
Грэпплинг - бұл жекпе-жектің бір түрі, ол негізінен ұстауды, лақтыруды және шектеусіз лақтыру техникасын қамтиды. Грэпплинг- жас спорт түрі, бірақ жастар арасында танымал. Жарыс салауатты спорттық бәсекелестік жағдайында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің тәрбиеленушілер жүлделі орындарға ие болды. Маргарита 1 орынды, ал Дамир 2 орынды иеленді.
Біздің спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз!