Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі туралы

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық  қолдау қызметі туралы

2023 жылғы 18-19 қыркүйекте Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қолдаухаттары бойынша көшпелі отырыс өтті. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ата-аналарының келісімімен тексеріліп, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту бағыттары мен психологиялық-педагогикалық қолдау анықталды.

Мектеп әкімшілігі мен психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары үшін «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар өтті. Семинарда білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері талқыланды. Семинарға 30-ға жуық мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшіліктері қатысты.