Жерлес ақынның мерейтойына орай

Жерлес ақынның мерейтойына орай

Биыл жерлесіміз, ақын және жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа 130 жыл толады.
Осы айтулы күн қарсаңында Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім басқармасының «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогтары Г.М. Уваисова және З.Ж. Нәжмиденова мектептің 8-9 сынып оқушылары үшін қаламыздың бір көшесіне экскурсия өткізді.
Балалар «С. Торайғыров көшесі-С. Торайғыров ескерткіші-С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана бағытында жүрді.
Ақын ескерткішінің жанында оқушылар атақты жерлестің шығармаларынан үзінділер оқыды.
Кітапхана қызметкерлерінен балалар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты фактілерді біліп, оқу залына, экспозиция залына барды, шығармаларға иллюстрацияларды қарады, сұрақтар қойды. Экскурсия балалар үшін өте қызықты өтті!