
2022 жылғы 5 мамырда облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың төрағалығымен колледж басшыларымен, әлеуметтік серіктестермен мәжіліс өткізілді.
Күн тәртібінде мамандар даярлаудағы жаңа тәсілдер, жаңа кәсіптер атласын іске асыру, дуальді оқытуды дамыту, колледждерде кәсіпорындардың қамқорлығы туралы мәселелер қаралды. Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы М.С. Нығманов техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа жобаларды таныстырды, 2022 жылғы қабылдау кампаниясының жаңалықтары туралы айтып берді. Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы С.Т. Джартыбаев өзекті мамандықтар орталығы жобасының тұжырымдамасымен таныстырды.
«Қазақстан алюминийі» АҚ әлеуметтік серіктесі өңір үшін бос жұмыс орындарын өзектендіру платформасын пилоттық режимде енгізе отырып, өзекті мамандықтар орталығын ашу жобасына қызығушылық танытты.
Ақсу ферроқорытпа зауытының HR бизнес серіктесі И.А. Горошкова «Колледж – кәсіпорын» ынтымақтастығының оң тәжірибесімен таныстырды.
Өңірдегі ірі кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Өзара ынтымақтастықтың арқасында көп жұмыс атқарылды. Жыл сайын стипендиядан басқа 200-ге жуық студент басшылардан 30 мың теңгеге дейін атаулы стипендия алады, дуальді оқыту аясында ақылы практикадан өтеді және 1162 студент 150 мың теңгеге дейін жалақы алады, тоқсанына бір рет 145 оқытушы 20 мың теңгеге дейін ынталандыру үстемеақысын алады.
Осы мәжілістің қорытындысы бойынша экономика салаларының кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыруды және өңір кәсіпорындары үшін кадрларды мақсатты даярлау бойынша жұмыс тобын құруды озық қарқынмен қамтамасыз етуге қабілетті әлемдік деңгейдегі үздіксіз білім берудің бірыңғай инновациялық жүйесін құру ұсынылды.