Волейболдан АТК - дер арасындағы облыстық турнир

Волейболдан АТК - дер арасындағы облыстық турнир

2021 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінде облыстың аграрлық - техникалық колледждерінің студенттері арасында волейболдан облыстық турнир өтті.
Турнирге Щарбақты, «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі, Ертіс, Ақтоғай аграрлық - техникалық колледждері белсене қатысты.
Турнирдің жеңімпаздары;
1 орын Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі командасы
2 орын Шарбақты аграрлық техникалық колледжі командасы
3 орын Ертіс аграрлық техникалық колледжі командасы

Нәтижесінде турнирге қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
«Үздік шабуылшы» - Шоканов Бахтияр Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің студенті
Үздік қорғаушы Волков Рамиль «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі
Үздік байланыстырушы Андрианов Владимир Шарбақты аграрлық - техникалық колледжі студенті
Жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.