
Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі базасында Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесе 2021 жылдың 7 желтоқсаны күні «Мектепке дейінгі білім берудің оқу-тәрбие үрдісінде заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында Павлодар қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 4 курс студенттерінің қатысуымен мастер-класс өткізілді.
Іс-шара барасында студенттердің оқу-өндірістік практика базасы болып табылатын балабақша тәрбиешілері мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың әдіс-тәсілдерімен таныстырды.
Павлодар қаласы № 8 сәбилер бақшасы тәрбиешісі Жайнагүл Кабей «Халық ауыз әдебиеті арқылы замануи технологияларды қолдану» тақырыбында өз жұмысына презентация жасаса, № 37 сәбилер -бақшасының тәрбиешісі Алмагуль Тулегеновна Жакиянова «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда интеллект-карта әдісін қолдану» тақырыбында жұмысын ұсынды, ал № 37 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Нуржанова Райхан Айдаровна «Дамытушы ойындарды өткізуде әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында балалармен жеке жұмыс түрін көрсетті, № 44 сәбилер-бақшасының тәрбиешісі Қалиева Балжан Жолкеновна «Лэпбук технологиясы және оны қолдану жолдары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Өткізілген мастер-класты рефлексия арқылы, педагогтар мен студенттер арасындағы кері байланысты жасай отырып, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Айжан Ереновна Есмагамбетова өткізді, әдістемелік ұсыныстар берілді.