
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығына арналған республикалық «Мағжан оқулары» байқаун 2021 жылдың 25 маусымы күні онлайн форматында өткізді.
Павлодар облысынан «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Екібастұз қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі, «Толқынмен толқын сырласып...» - Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары бойынша Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Кабиденова Гульназ және «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанатова Асем қатысты.
Республикалық байқау қорытынды бойынша дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанатова Асем және Екібастұз қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Алтынбек Айшабибі ІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.