
2021жылдың 11-14 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасы өткізілді. Жарыста 5-6 сынып жас топтары арасында облыс құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды.
Облыс намысын Павлодар қаласының № 19 ЖОББМ-нің 5-6 сынып оқушылары лайықты қорғады.
Команда құрамында:
1. Абишев Алимжан Жанатович
2. Жумагалы Расул Нурлашулы
3. Аманбай улы Нургиса
4. Пшембай Назерке Шынтаскызы
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Оспанов Акылжан Надирович - Павлодар қ. №19 ЖОББМ-нің дене шынықтыру мұғалімі.
Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының граматоларымен, медальдарымен және кубокпен марапатталды.