М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықта өтті

М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықта өтті

2021 жылдың 21 сәуірінде Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығының тәрбиеленушілері мен педагогтері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Үш бақытым» атты әдеби кешке жиналды.
Кітапханашы Л.Т.Рахымгалиева мағыналы презентация және кітап көрмесін дайындап, жиналғандардың барлығын ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Ақынның өмірінен көпшілік біле бермейтін фактілер, сондай-ақ оның ақын ретінде қалыптасуына әсер еткен оқиғалар жайлы мәлімет берді.
Әдеби кеште орталығымыздың тәрбиеленушілері «Үш бақытым», «Отан», «Қазақ жері» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Есіңе мені алғайсың», «Қуанышыңмен», «Сенің көзің» әндерін шырқады.