
2021 жылы 21 сәуірде Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Күй-ұран» домбыра үйірмесі ашылды. Домбыра үйірмесіне жазылып үлгерген орталық тәрбиеленушілеріне домбыра үні ерекше ұнады. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы қалалық мәслихатының депутаттары қатысты. Қонақтар орталыққа 4 домбыраны сыйға тартты.
Үйірменің ашылу салтанатында тәрбиеленушілеріміз домбыра аспабын зерттеудегі алғашқы жетістіктерін көрсетті. Сондай-ақ «Мен қазақтың қызымын», «Ару ана» әндері және Айтқали Жайымовтың «Күй ана» шығармасы шырқалды.