
Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне шығыс мерекелерінің бірі. Қазақ халқының дәстүрін құрметтей отырып, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ «Бауырсақ Fest» акциясын ұйымдастырды.
Мектеп ұжымы ашытқы қамырынан 700-ден астам түрлі пішіндегі үлкен және кіші, дәмді бауырсақ пісірді.
Барлық оқушылар, педагогтар, Кешен қызметкерлері бауырсақтан дәм татты. Шағын аудан тұрғындарында таң қаларлық күтпеген тосын сыймен қуантты.