
Павлодар 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қашықтан өткізілді.
2020-2021 оқу жылында облыстық байқауға 398 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 211 жобаның авторлары – 245 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
І орынды – 19 қатысушы, 18 жобаның авторлары, ІІ орынды – 60 жобамен 73 қатысушы, ІІІ орынды – 133 жобамен 153 қатысушы алды.
Ең жас 8 зерттеуші - 1 сынып оқушылары алғыс хаттармен, 5 оқушы Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жоғары рейтингті Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мектеп-лицейінің, дарынды балаларға арналған №3 гимназияның, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның, Павлодар қаласының №25, 29, 39, 33 орта мектептерінің оқушылары көрсетті.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.