Логотип

Меню

Страницы

Статья

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы № 12 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (2020 жылғы 23 сәуірдегі өзгерістермен және толықтырулармен) «Үздік педагог» республикалық конкурсының (бұдан әрі –Конкурс) ІІ облыстық кезеңін жариялайды.

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы № 12 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (2020 жылғы 23 сәуірдегі өзгерістермен және толықтырулармен) «Үздік педагог» республикалық конкурсының (бұдан әрі –Конкурс) ІІ облыстық кезеңін жариялайды.

Конкурстың ІІ кезеңіне қатысу үшін электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) білім бөлімінің басшысы растаған педагогке арналған ұсыныс;

3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) білім бөлімінің Комиссия отырысының хаттамасынан көшірме және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

6) электронды тасығыштардағы жазылған оқу сабақтары;

7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы  Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген);

8) эссе; эссе тақырыптары: «Мұғалім – мәртебелі мамандық», «Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары», «Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құрулардың шарты ретінде», «Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде»;

9) Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик; бейнеролик тақырыбы «Менің жүрегімдегі мектеп».

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: pvl@icro.kz электронды мекенжайына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефондары: 222082, 222080.

Дата публикации
01 мая 2021
Дата обновления
01 мая 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Мақалалар
25 июня 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі
Пайдалы ақпарат
26 февраля 2026
Телефон доверия
Ақпарат
11 декабря 2025
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету

Социальные медиа

Управление образования
Білім беру басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы