«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы № 12 бұйрығына сәйкес облыстың келесі педагогтары «Үздік педагог» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ІІ облыстық кезеңінің жеңімпаздары деп танылды:
- Шайхимов Айдар Абылаевич, Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің информатика мұғалімі;
- Есмакаева Гульмира Болатовна, Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебінің тарих және география мұғалімі;
- Жумабекова Гульден Сансызбаевна, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің физика мұғалімі;
- Соц Сергей Федорович, Балалар техникалық мектебінің қосымша білім беру педагогі;
- Коржумбаева Меруерт, «Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы.

