
«Павлодар облысы білім беру басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі білім беру басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей білім беру басқармасының басшысына бағынады. Кәсіптік білім беру бөлімі өз жұмысында нормативтік құжаттарды, қолданыстағы заңнаманы, сапа саласындағы саясатты және білім беру басқармасының сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын басшылыққа алады.
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік саясатты, Үкімет қаулылары, ҚР Заңдары, облыс әкімінің шешімі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын іске асыру.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі және оқу орындар қызметінің рейтингтік бағасын дамытудың облыстық бағдарламасын әзірлеуге қатысу.
3. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін дамыту және азаматтардың техникалық және кәсіптік білім алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде жұмысты үйлестіру.
5. Оқу орындарының жаңа типтерін құру және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту бойынша колледждердің эксперименталды жұмыстарының қызметін үйлестіру.
6. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыру.
7. Кәсіптік шеберлер конкурсын өткізу, техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы пәндері бойынша жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау және басып шығаруға қатысу, инженер-педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жөнінде жұмысты жүзеге асыру.
8. Жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, үйлестіру мәселелері бойынша жазбаша өтініштермен жұмыс істейді.
Бөлім құрамы:
|
Айтуарова Алма Ермековна
|
Бөлім басшысы |
32-15-95 424 |
|
Сюендыкова Гулсум Дюсембаевна |
Бас маман |
32-47-73 |
|
Асаимова Карлыгаш Сембековна
|
Бас маман |
32-19-40 424 |
|
Темиргалиева Айгерим Байтурсынкызы
|
Бас маман М.а |
32-19-40 424 |
|
Обазова Самал Толепбергеновна
|
Бас маман (бала күтіміне байланысты демалыста) |
32-19-40 424 |
|
Хусаинова Нарзагуль Нуртасовна
|
Бас маман(бала күтіміне байланысты демалыста) |
32-19-40 424 |
|
Иманшарипова Айнур Жумабаевна
|
Әдіст.каб.меңгерушісінің м.а.
|
32-95-20 412 |
|
Баймуханова Гульнар Алтаевна
|
Әдіскер |
32-92-11 412 |
|
Хлыстун Жумагуль Темиргалиевна |
Әдіскер |
32-92-11 412 |
|
Карибаева Салтанат Сериковна
|
Әдіскер (бала күтіміне байланысты демалыста) |
32-92-11 412 |