Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жергілікті атқарушы органдармен орналастыруына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың мәні:

2025-2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бакалавриат бағдарламасы бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде 55 орын, оның ішінде Педагогикалық ғылымдар (6В01) – 50 грант, Өнер және гуманитарлық ғылымдар - (6В02) 5 грант.

Конкурсты ұйымдастырушы:

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 400-кабинет

Байланыс телефондары: 8 (747) 3788167, 8 (705) 3867529, 8 (775) 6090029

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс Павлодар облысы әкімінің 2018 жылғы 20 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында комиссия құру және конкурс өткізу туралы» № 165-ө өкіміне сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалды және мамандандандырылған  аккредиттеуден өткен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қатыса алады.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық өтінімде мынадай құжаттар болуы керек:

  1. 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның өтінімі;
  2. 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасы;
  3. 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық картасы;
  4. 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар;

Осы қосымшалар электрондық нысанда baidalina.galya@pavlodar.gov.kz и Gal.kz1973@bk.ru электрондық мекенжайларына ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. ЖАО комиссиясы Ереженің 19 және 20-тармақтарында көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алатынын еске саламыз.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады және электрондық форматта ұсынылады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 шілде сағат 09.00-ден 29 шілде сағат 18.00-ге дейін.

 

2025-2026 оқу жылына (жергілікті бюджет есебінен) жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған

мамандықтар тізімі

№

Білім беру саласының коды

Даярлау бағытының коды

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Мамандықтың атауы

Оқыту тілі

 

Көлемі

қаз

орыс

1

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

В033 Дінтану және теология

Теология

2

 

2

2

Исламтану

3

 

3

3

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Бастауыш білім беру мұғалімі

-

10

10

4

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандырылған мұғалімдерін даярлау

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру мұғалімі

2

2

4

5

6В015 Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерін даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика мұғалімі

10

3

13

6

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика мұғалімі

10

3

13

7

6В016 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

 

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

10

10

 

БАРЛЫҒЫ

27

28

55

 

 

Дата публикации
28 июля 2025